Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  555


Автор: Баян Тіленшина

Мен сені ұмытпадым

Мен сені ұмытпадым, ұмытпадым,
Көзімді ашып көрген тұнық таңым,
Жанымда жетектесіп жарым жүр-ау,
Жүрегім сені іздейді, бір ұққаным.

Қайырмасы:Сәулеге таранғаным,
Қол жетпес аралдағым,
Мен сені ұмытпадым,
Бірақ та бара алмадым.
Жүректі кестеледің,
Жоқ бүгін еш дерегің,
Жаралы жан-дүнием,
Жалғызым, не істегенің?!
Тірліктің сексен түрлі саласынан,
Қарайсың дәйім сағым арасынан.
Үйіме үйсем- дағы тапқанымды,
Сезімге сенсің қымбат бар асылдан.
Жан нұры елден ерек жаралғаным,
Бір көріп, шер тарқату –бар арманым.
Аралда, аралдасың «Барса келмес»,
Қайтейін, жолым жабық, бара алмадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу