Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  100


Автор: Баян Тіленшина

ҚЫЗ -ЖҰЛДЫЗ

Ақмарал-еркем, ақылдың кені – байлығым,
Аққуым менің – ақ арман тұнған айдыным.
Әлиям - әнім, көгершін болып қалқыған,
Күлкісі кәусар, нұрлантқан жүзін Ай – Күннің.
Қайырмасы:
Қыздар-ай, қыздар,
Жанымда жүрген жұлдыздар,
Сағынсам қайтем,
Көрмесем қайтем,
Нұржамал сынды нұр қыздар.
Ауырмай жүрсін Қатираш, нәзік жүрегің,
Зиядашым, бастан аумасын бақыт-тілегім.
Гүлбибі-ару. Аруана сезім тулатқан,
Күндерді қайтем, сырласып бірге күлетін.
Қайырмасы
Тоғжаным менің-ұлы Абай сүйген киелім,
Шахризадам-шах-патша басын иетін.
Өтеді-ау өмір өзендей тасып толқындап,
Сырластар қайда Баянды бақыт түйетін.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу