Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  131


Автор: Баян Тіленшина

Аналар –ару қыздар

Сезімнен нәр алғандар, Сәуледен жаралғандар,
Аққудың жүрегімен, Арманға бара алғандар.
Қайырмасы:
Ақ нұры айналаның, Ақ түнім, Ай болғаным,
Аналар –ару қыздар, Атыңнан айналамын!
Жұмақ боп тербеткенім, Жанымды ерке еткенім,
Жұп- жұмсақ әуезіңе, Жетпейді жер-көктегі үн.
Қайырмасы
Әлемнің ардақтысы, Сөзімнің алғашқысы,
Жұмақ бар табанында, Асылдың салмақтысы!
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу