Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  99


Автор: Баян Тіленшина

НЕ ДЕР ЕДІҢ?

Өзіңді, тек өзіңді қиялдасам,
Өзге емес, өзіме де қия алмасам,
Білмейсің, білсең егер не дер едің,
Өмірге өзіңсіз мен сия алмасам.?
Өзіңсіз жетім көңілім жылар менің,
Аққуым, айдыныңды ұғар ма едің?
Не дер ең? Не дер едің «Сүйем» десем?
Тапсырып тағдырыңды тұрар ма едің?
Әлде сор, не бақытқа бастадым ба?
Арман-ау сенің жібек шаштарың да.
Ерке қыз, айтшы маған не дер едің,
Сен мендік гүлсің бе, әлде басқаның ба?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу