Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  146


Автор: Баян Тіленшина

№29 Керім Тіленшин мектебінің ӘНҰРАНЫ

Көмештің бұлақ мінез азаматы,
Тұлпардың тумысында қазанаты.
Кіл жүйрік жарысқанда тектіліктен,
Тобыңда жан болмайтын оза алатын.
Қайырмасы:
Көмештен өсіп түледі,
«Ел-ел» деп соқты жүрегі.
Қоңырау-күлкі сәбимен,
Бір жасап мәңгі жүреді.
Қоңырау-күлкі сәбимен,
Бір жасап мәңгі күледі.
Халқыңа сана беріп мектеп аштың,
Кітаптан өнер-білім -- шашу шаштың.
Жетімге алақаның жастық болып,
Айналдың әкесіне мың-мың жастың.
Қайырмасы
Тіленшин Керім баба ұрпағымыз,
Елімнің ертеңгісі, нұр таңымыз.
Бабамның өсиетін алға жалғап,
Есімін кең әлемге шырқары – біз.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу