Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.07.2022
248
Білесіз мені сыртымнан...
Білесіз мені сыртымнан,
Ұқсаймын тірі мүсінге.
Кітаппын жұнты жыртылған,
Ал шыным болса, –
ішімде.
Тысымнан кінә іздер кім? –
Сол тысым түсін бұзған-ды.
Араларымызда біздердің
Басылған мөрден із қалды.
Тап келсе жолдар торабы,
Қанар ед сырға көз қанша! –
Өмірдің жаңа тарауы
Жайында егер сөз болса.
Түсі бұл сыртқы қабымның, –
Мазмұн бар сені алдарлық.
Қорегі барлық жалынның
Сыпайы мынау жалғандық.
Көлеңке болып ізде өлем,
Кетсем мен осы бетіммен.
–
Сыйласам деп ем сізге мен,
Жұлып ап мені
– етімнен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter