19.07.2022
  4417


Автор: Баян Тіленшина

ЖАНАТ ӘПКЕМЕ 60 ЖАС

Айналып ой-сананың елесіне,
Өтті ме балғын шағың Көмешіңде.
Қуыршақ бірге ойнаған қыздар қайда,
Жылдардың жасырынды-ау белесіне.
Қыз Жібек көші қайда сахналы,
Периге жырлап айтып бересің бе?
Қаракөк сиқымдардың санатысың,
Өнерде көк жұлдыздай жанатынсың.
Қисса мен жырды жаттап өскен едің,
Бишінің деңгейі бар талантысың.
Арманын алға жалғап ата-ананың,
Көмештің Қайнар барған қанатысың.
Қайнардың бақ гүліндей жайнадың ба?
Жел есіп Елекеңмен айдарыңда.
Кешегі елік қызы Сейсе анамның,
Үш перзент тапқан жанға айналдың ба?
Жалғыз-ақ қарындасы Керекеңнің,
Бақ туын шаңыраққа байладың ба?
Алдыңа елің келіп ақылдасты,
Өзара арадасқан жақындасты.
Жүйелі сөзің қандай, сезім қандай,
Айтылған уәжіңе мақұлдасты.
Сағынған үш жұртыңның жұрағаты,
Іздеп кеп, сыр айтысып, мауқын басты.
Сабыр мен Жанат қандай, Бақыт қандай?!
Бейбіт пен Перизатың атқан таңдай.
Медеуің демеу, сүйеу, демің болсын,
Сыйласын тәттілікті шекер-балдай.
Деніңе саулық берсін, басыңа-бақ,
Бұл тағдыр сыйласыншы ашық маңдай.
60-ң құтты, бақты, сәтті болсын,
Өмірің бұдан соң да тәтті болсын.
«Әумин» деп қол жаялық ау, ағайын,
Тұғырдың бекемдігі қатты болсын.
Немере, шөберелер үйге толып,
Қолыңа қызыры бар келін қонсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу