19.07.2022
  916


Автор: Баян Тіленшина

АЙМАН-ШОЛПАННЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА

Ай менен Шолпан жұлдыздай,
Киелі бөрік-құндыздай,
Бірінен бірі аумаған,
Қасиеті қаулаған,
Тауыпты анам бір сәтте,
Айман-Шолпан нұр қызды-ай!
О, менің Айман-асқарым,
Бірге өтті балғын жас шағың,
Сыбырлап айтар сырың-ай,
Пейіліңнің тұнығы-ай!
Жай оғы жанса күркіреп,
Өзіңсің тірер аспаным.
Шолпаным, менің Шолпаным,
Дауылдан қашар қорқағым.
Жаны таза, дарханым,
Сүйеніші арқамның,
Ақ сәулесін шашатын,
Ақ тілеуі ортаның.
Сияқты еді-ау алыста,
Жетіп те қапты-ау 60-та.
Нәзік те болса нарсыңдар,
Бәрінен қымбат жансыңдар,
Әкенің мінген тізесін,
Шекер мен тәтті балсыңдар.
Толысқан жасқа келдіңдер,
Құрметін елдің көрдіңдер.
Ақ нұрымен Алланың,
Гүлдеп, өсіп, өндіңдер.
Кекіл шашың қатайып,
Аналық күйге ендіңдер.
Өмір-өзен тартыста,
Жету де арман 60-қа.
Жан-жарларың ту болсын,
Ұрпағың өсіп ну болсын.
Қазыналы қарттықта,
Жүріңдер ұқсап нар қызға.
Кезекпен келер күндер-ай,
Кім білмес екен, кімдер-ай!
Жер кіндігін жалғаған,
Таң Шолпан, Айлы түндер-ай!
Үлкенге үрдіс, дәнекер,
Табиғи дәрусіңдер-ай.
Теңейін десем сөз жетпес,
Тілегім көп-ау көз жетпес.
Сендердің орындарыңды,
Жаһанда ешкім өзгертпес.
Жетіңдер жүзге жұптанып,
Қарасын елің сұқтанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу