Өлеңдер ✍️

  19.07.2022
  111


Автор: Майлықожа Сұлтанқожаұлы

ЖАУҒА, ДАУҒА ҚАЙРАТТЫ ЕР БЕКМҰРАТ

Алаштың көңілінде бар əппақ үйің,
Ат шаптырып əруаққа қылдың қиын.
Бектер тұңғыш үлкенің Еркінбегің,
Құтты болсын əкеңе болған жиын!
Наушабек пен Пəзілбай, Қарынбайсың,
Батырлардың қарқара тəжіндейсің.
Даңқыңды үш Алашқа білдірмесең,
Көңіліңдегі арманнан жазылмайсың.
Əлімбай, мырза Əріпбай, Молдабайсың,
Əкеңнің мерекесін оңлағайсың.
Алашқа ата салтпен даңқы шыққан,
Уағыңда қатардан соң қалмағайсың.
Сүлеймен, Жорабек, Əбдірахман, Əбдірəсіл,
Сіздерсіз сарт халқына жиен нəсіл.
Əбді – он төрт, Сапарменен – он бессіздер,
Қазыбектің бес ұлы асық бегім Əсіл.
Немеренің тұңғышы Құрманбек-ті,
Жиыныңа Майлықожа Сырдан жетті.
Баласы Махамбет мырза бабаңа айтқан,
Ақыныңнан тəбəрік тыңда кепті.
Шаң салмады Дулатқа барысыма,
Қоңыраттың ағаладым барысын да.
Жауға, дауға қайратты, ер Бекмұрат,
Жиыныңның келдім мен дабысына.
Арғы жағың сегіз жами Байұлысың,
Ағаш болсаң ырғай мен қайыңысың,
Қазыбек бабаң, Қажыбай дəулеті бар,
Ойланыңдар, даңқыңның айылысың.
Бекең жұртты беталды дала қылып,
Байұлына сүйенуші еді қала қылып.
Орыспен де сескенбей ұрыс ашты,
Бір Құдайды көңіліне пана қылып.
Тыңласты елдегі ұстын шынарымен,
Асқар тау басы бұлт мұнарымен.
Көзіне шұбалшандай көрмеуші еді,
Қойнына қас қып салсаң шұбар жылан.
Бекең жеңді беталды ырысы асып,
Жұртқа теңдік бермеді жұмысы асып.
Қайратына шыдамай көп алысты,
Қоңыраттан Тұрлыбек тынысы асып.
Тұрлыбек күйеу еді Бекмұратқа,
Ер Бекмұрат көңілін салды жатқа.
Қайнағасы күйеуіне жəрдемдеспей,
Салысты қарсы келсе қайбір уақта.
Тұрлыбек туған күйеу Қанай ұлы,
Бекемнің бөрі бауыр бар айыбы.
Туысына шыдамай екі арыстан,
Араздасып шабысты талай жылы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу