Өлеңдер ✍️

  19.07.2022
  239


Автор: Майлықожа Сұлтанқожаұлы

МАЙЛЫ АҚЫННЫҢ ШАҺМАРДАННЫҢ ҚАБІРІНЕ БАРЫП АЙТҚАН ӨЛЕҢІ

Қазағымның шомылдық байлығына,
Су кетті мұрны менен құлағына.
Ақырында маңдайым тасқа тиді,
Қызығып сүңгіп жатқан уағымда.
Қасыңда Шаһмардан қазған жердің,
Адам қайран қалғандай жайды көрдім.
Арқама Қаратауды көтергендей,
Қайыстырып саясаты бастау шердің.
Барарымда өкпемнің қысылғаны-ай,
Айна жоқ, əлде сонда түсім қандай.
Бала сонда есіме түсіп қалды,
Апырай болады деп ісім қалай.
Үйім көрмей осы жерде қалдым ба деп,
Өлуге мойынымды ұсынғаны-ай.
Ойладым жұма күні өттім дедім,
Үйімді енді көрмей кеттім дедім.
Осы жұрттың кеселі жабысты ма?
Япырмай, маған, сірə, нетті-ау дедім.
Кең дүние көзіме кеп қалды-ау тар,
Көп налынып, Құдайға жалындым зар.
Қазанынан бір кесе су ішкен соң,
Жазылдым əруақ пірлер болғандай жар.
Қасымдағы жолдастар қорқар дедім,
Нала қылсам күлер деп ойладым ар.
Су ішкен соң жадырап қалындым бір,
Өкпем жадырап, жай тапты ішкен соң су.
Əзір əліп пейішке кір десе де,
Үйге қарап үркіп тұр жаны құрғыр.
Жаны құрғыр сол жерден шықпасайшы,
Үйге қарай көңілің сөгіліп тұр.
Жібектен төсеп салған кілемдері,
Алтын, қымқап, қабырға реңдері.
Ат басындай басында төрт кітап тұр,
Артықша саясаты түрленгені.
Ауаға қарасаң нұр төгіліп тұр,
Аяқ бассаң тас құмдай егіліп тұр.
Қабірдің бас-аяғы сондай ұзын,
Тұрыпты панжаралы4 екі алтын ту.
Тауап қып шердің қабірін көрді көзім,
Асығыс боп қайтпаққа тұрдым тезін.
Шаһмардан қабірін көрген жерде,
Ішімнен айтып тұрған мынау сөзім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу