Өлеңдер ✍️

  19.07.2022
  325


Автор: Майлықожа Сұлтанқожаұлы

БАДАМ МЕН АМАН БОЛҒЫН, АҚБҰЛАҒЫМ

Бадам мен аман болғын, Ақбұлағым,
Жатырмын қимылдауға келмей шағым.
Бізге ырза болыңдар, үлкен-кіші,
Аттанар ақыретке болды уағым.
Жерім ең кішкентайдан ойнап-өскен,
Өлген соң шырақтарым жанып, өшкен.
Ойың – саз, қырың – киік мамырлаған,
Жатсам да сол қалатта шықпайды естен.
Жерім ең ойнап-өскен кішкенемнен,
Қайтпаушы ем жас уақытта ештемеден.
Патшадан əмір келіп өлең айттым,
Жасымда жиырма бесте күшке келген.
Жалықсам барып келуші ем базарыма,
Аулаған кеп жолықтым ажалыма.
Жазылған пешенеме тағдыр ісі,
Бірге кеш, бірге ерте азалында.
Ажалдан кім құтылған айламенен,
Ажал мерген аңдушы бұл пайлаған.
Көңілім алып-ұшып аласұрып,
Топырақ айдап келген Сырдариядан.
Адамның өлмегі хақ бұл азалы,
Жақсының жаманменен бір мазары.
Қасыңа бұл ақының коңсы болар,
Баһадүр заманында ер Мəделі.
Жайылды талай жерге ақын атым,
Денсаулықтың сағындым рақатын.
Қанша жақсы болсаң да періштедей,
Ақыр бір күн шығарар дүние-лағын.
Болсаң да қанша жақсы періштедей,
Адам басы жүрмейді кейіс көрмей.
Адам қылса əттең-ай деп айтар ек,
Алла үкімін жатырмыз теріс көрмей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу