Өлеңдер ✍️

  19.07.2022
  349


Автор: Майлықожа Сұлтанқожаұлы

АҚЫН БА?

Ақын ба, той-жиында сайрамаған,
Ұйқасын сөздің жұптап байламаған.
Айт десең кейбір ақын күйбеңдейді,
Пышақтай өтпес түйте, қайралмаған.
Жігіттер қатарыңмен ойна да күл,
Жас кезде қандай қызық сайрандаған.
Бас қоспай жақсылармен жүрсең жеке,
Асаудай өтер дүние байланбаған.
Ден сауда елім – теңіз, мен бір кеме,
Саязға тимес бауырым қайраңдаған.
Он жігіт белі жуан басын қосса,
Ол-дағы кішігірім той де маған.
Отырмыз, тірі екенбіз өлең айтып,
Өлген соң бұндай құрмет қайда маған.
Өлген соң көз жұмылып, көр астында,
Көрерсің көп мазардан айдаладан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу