18.07.2022
  238


Автор: Мұхтар Шерім

О, ДЕМОКРАТИЯ...

 


Маған бірдеңе жұқты. Кеше ақын болып кеттім. Төрт адам топталып тұрса, қасына барып өлеңімді оқығым келеді де тұрады... Көшеде кеше жазылған өлеңімді ішімнен оқып келе жатсам, қыбырлаған, жыбырлаған адамдарды бірінші рет көруім, екі мыңдай адам митингіге шығыпты! Полицейлер оларды екі қатар қоршап алған.


--Мұнда не болып жатыр өзі?—деп сұрадым полицейден әдейі.


--Жәй әшейін,--деді ол.


--Бойымның кішкентайын қарашы. Айтыңызшы, не болып жатыр?


--Жұмыссыздарға айлық беріп жатыр.


--Өтірік айтып тұрсыз. Ана бір кісіні неге қолын қайырып, автобусқа апара жатыр?


--«Айлық алмаймын» дейді.


--Көке, мен сол жерге барып, «Жұмыссыздар жасасын!» деген өлең оқиын-


 


шы.


--Мен саған көке емеспін, полицеймін. Ары тұр!--деген ол мұрнын жыбырлатты. Іштен тынып, сағым сынып, арырек барып тұрдым. «О, адамдар, жыламаңдар, биліктен ештеңе сұрамаңдар, бәрібір бермейді...» деген өлең оқиыншы деп едім. Тақырыбы ұзақтау енді...  Бір кезде иегі


«ламбадаға» билеп, кәрі кемпір келді.


--Шырағым, мұнда қандай той болып жатыр?—деп сұрады.


--Той емес, «Митинг» деген концерт.


--Көшеде де концерт болады екен-ау, мені жіберші, ән тыңдап қайтайын.


Тегін бе өзі?


--«Саяси әндерді» тыңдауға болмайды апа,--деген порлицей апаның кеуде- сінен итерді.


--мен де ауылдың алты ауызын айта аламын! Былай тұршы,--деген кемпір әндете бастады,--жаңбыр жауар себелеп, есіктің алды ебелек...


«Саяси кемпір» деген полицей ым қағып еді, екі полицей кемпірді дырылдата сүйреп, автобусқа отырғызды. Сосын бір ертең өлетін шал жанымыздан өте беріп, қайғыра күрсініп салған, оны да «саяси күрсініс» деп алып кетті. Бір жігіт ысқырып еді, оны бір полицей дубинкамен басына салып қалды. Ол байғұстың көздері аларып, талып қалды.


--Полицей көке, мені ішке жіберіңізші, өлең оқимын,--дедім мен.


--Полицей көке деме деймін!


--Көке емес көке...


--Не, не?


--Өлең оқиыншы.


--Ал, оқы!


--О, демократия,


Сені іздедім, қайдасың? Жерде ме, әлде Айдасың?


Өлеңімді аятағанымша, сойылы басыма тиіп, есім ауып бара жатты. Көзімді ашсам, мәйітханада «О дүниеде не жаңалық?» атты өлең оқып жатыр екенмін... Өліктердің арасында...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу