18.07.2022
  252


Автор: Мұхтар Шерім

АҚША КЕЛГЕНШЕ, САУ БОЛЫҢЫЗ!

 


Сәлеметсіз бе, Әкетай! Міне, бірінші семестр да аяқталды. Алматыда күн суық, жатақхана жып-жылы. Өйткені, біздің бөлмедегі үш жігіт үш қызбен құшақтасып, жаурамас үшін анекдот айтысып жатамыз. Әке! Өткенде өзің


жіберген жеті мың теңге таусылды. Кафедра меңгерушісі үйленіп, соған жүз теңгеден жинаған едік. Қайтадан ажырасып кетті. Ажырасқаны үшін екі жүз теңге бердік. бердік. Алматы класс! Оқуым өте жақсы. Деканмен бірге


 


дискотекаға барамыз. Жақсы кісі. Өлтіріп билейді. Бірақ, қыздарды


«сындыра» алмайды екен. Әке, сіз сенбей отырсыз-ау деймін! Өзің үйреткендей, өтірік сөйлеп қайтемін? Жақында проректордың қызы


тұрмысқа шығып, біздің курстың қыз-жігіттерін құдалыққа шақырды. Біздің университет оқытушыларын айтсаңызшы! Емтихан кезінде бізден ақша


алмайды. Қайта бізге ақша беріп, қуалап жүріп емтихан алады. Кеше ректор


ағаймен Көктөбеде қыдырдық. Момын кісі. Әке! Ауылды сағындым. Апам не істеп жүр? Әлі жүн түтіп отырған шығар?! Кішкентай күшік Тико өліп қалды деген хат алдым. Жатқан жері жайлы болсын. Мені уайымдай бермеңдер.


Көшені кесіп өтпеймін, машиналардың астынан еңбектеп өтемін.


Иномаркалар жүдә көп. Кеше екінші курстың қызын бір «Джип» қағып кетті. Қыз өлген жоқ, есігі ашық тұрған кафенің ішіне сырғанап кіріп кетті. Ал оны полиция «удай мас екен» деп бөлімшеге алып кетті. Жатақхана іші өте


көңілді. Шыңғырған, қыңсылаған, мөңіреген, тіпті ат болып үрген дауыстар шығып жатады. Бәрі – ертеңіміздің болашақтары. Алматыда тамақ өте арзан екен. Ішпей-жемей иіскеп өтсең ғана арзан. Отырсаң – «косяк». Мұнда келіп тамақ мәзірін өзгерттім.



  1. Таңертен жарты стакан су, бір тал сағыз. Түсте екі стакан су, екі тал сағыз. 3. Кешке бір шелек су, бір қапшық сағыз. Өткен аптада ауырып


қалдым. Кірпіктеріңе суық тиген дейді ме? Денсаулығым жақсы. Бес минутта он-ақ рет жөтелем.


Әке! Университетке ақша төледіңіз бе? Білім министрі оқу ақысын тағы қымбаттатып, қалтаңыздан қағып алмақшы. Өзі студент болмағандай. Біз министрді өте жақсы көріп кеттік. Жақында ауылға барып қалармын.


Болашақ келініңіз екеуміз. Аты – Гуля. Мен оны Гуляш деймін. Иісі


макаронның иісі сияқты. Әдемі қыз. Шашы жоқ. Төбесінде екі тал ғана. Көздері бір сызық. Линейка. Кореянка. Дүниеде екі нәрсені, бірі – мені, екіншісі – итттің етін жақсы көреді. Ал, жақсы әке, осымен хатымды


аяқтаймын! Ақша келгенше сау болыңыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу