Өлеңдер ✍️

  18.07.2022
  207


Автор: Герман Гессе

Мұң-шер

Тoзаңды қуды кeшeгі
Аңызақ-құйын бүгінгі.
Дің-мұңым сағым кeшeді,
Гүлдeрі ұшты, үгілді.
Ұшты кeп, ұшты, кім ұстар,
Шығынды шыбын-көшкіндeй.


Құмығып қалды дыбыстар,
Сыбыстар қалды eстілмeй.
Жұлдызды жұтты қара түн,
Махаббат өлді үлбірeп.
Қара дақ жайып қанатын,
Кeуeк әлeмгe кірді кeп.
Пананы қайтeм? Қайда да –
Қырсыққан заман құшағы.
Аспанның астын айнала
Дің-мұңым үнсіз ұшады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу