17.07.2022
  248


Автор: Түс жору

Жазылған жазу—көңілсіздікті білдіреді. Түсінде жазу жазғанын көру—істейтін ісіңіз жайында ойланып, ешқандай шешімге келе алмайтындығыңызды білдіреді. Сізге берілген жазуды немесе сізге берілген хатты оқығаныңызды көру—егер оқуға ыңғайлы болса, жақсылықтың, оқылмайтын дәрежеде болса, жамандықтың белгісі. Өшіп қалған көрінбейтіндей дәрежеде бұлыңғыр жазуды оқуға тырысу—сізге берілген істі орындайтындығыңызды, дуалға немесе тақтайдың бетіне жазылған жазуды оқу—бір істі істегенде өзіңізге сенімділік танытатындығыңызды; аспанда тұманмен жазылған жазу көру—ойлаған нәрсеңіздің орындалмайтынын; оқылмайтындай дәрежеде бір тақтайдың үстінде айқыш-ұйқыш жазудың сізге берілгенін көру—кейбір істердің оңай шешілетінін білдіреді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу