Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  131


Автор: Бақтыбай Жолбарысұлы

НЕ АЙТАСЫЗ, ЕСЕКЕ?

Ассалаумалейкум, Есімбек,
Не айтасыз, Есеке?
Шақырыпсыз келсін деп.
Шақырған əлде боларсыз,
Қазы-қарта жесін деп.
Келгеннен алдың тыншымды,
Жоғары шық, шешін деп.
Үлкен ем сізден бір-ақ жас,
Тұрсың ба құрдас болсын деп.
Белгілі құрдас бес жас деп,
Ел айтар құрдас десін деп.
Құрдас болсам болайын,
Тұрғам жоқ қой жасым кеп.
Өлең-жырға мақтанып,
Мен емеспін есірмек.
Құрдас түгіл басқаға,
Өлең-жырым шешілмек.
Арқасында қызыл тіл,
Нəсіпті жүрмін теріп-жеп.
Əзіл айтам аз ғана,
Бибісалма жұбайың,
Артық сөз болса кешірмек




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу