Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2022
186
ЖАМАН ƏЙЕЛ ТУРАЛЫ
Ер жігіт Дарабоздай қатын алса,
Не керек қатын деген атын алса.
Жігіттің маңдайының соры-дағы,
Ол байғұс маңдытпаса, отын алса.
Тұзды қанша саларын біле алмастан,
Тамағы таңдайыңа татымаса.
Сары майын көгертіп, етін ит жеп,
Құрттатса, сүзбе жиып, қатық алса.
Ері мейман шақырып отырғанда,
Баласын ұрып-соғып шатынаса.
Мұның не деп күйеуі кінəласа,
Долданып, ашуланып жатып алса.
Мұндай əйел алғаннан ер жігітке
Жүрдек есек жақсы ғой сатып алса.
Жумастан ыдыстарын жия салса,
Жинамай төсек-орнын үйе салса.
Көйлегі мен дамбалы жырым-жырым,
Ерініп жамамастан түйе салса.
Айында бір рет те кірін жумай,
Киімді парықтамай кие салса.
Алды-артына қарамай үй айнала,
Жалп етіп отыра қап сие салса.
Меншіктеп оны əйелім демей-ақ қой,
Жаратқан жақсы емес пе иесі алса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter