Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  308


Автор: Бақтыбай Жолбарысұлы

АЗЫРАҚ ƏЗІЛ БОЛДЫ-АУ КӨҢІЛ АШАР

Қалай келер мынаған шыдап деймін,
Жүрген шығар қасқырлар жылап деймін.
Қолқа қылып, Ойшеке, сұрадыңыз
Төбетіңді берейін сынап деймін.
Өзің сынды төбетің батыр екен,
Бере қоймас қораңнан лақ деймін.
Төбетімді өзіме теңеді деп,
Сіз мені айыптама бірақ деймін.
Ит адамның қорғаушы досы болар,
Кетті маған төбетің ұнап деймін.
Мұныңның аты шығар Бөрібасар,
Кезіксе бөрі баспай нені басар?
Төбетің барлық иттің сырттаны екен,
Он қасқыр кезіксе де өңі қашар.
Шынжырынан мынауың босап кетсе,
Түрі бар қонақ демей мені басар.
Итпен мені сынамай, атпен сына,
Азырақ əзіл болды-ау көңіл ашар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу