Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2022
113
ТҰРЫСБЕК, ЕШКІӨЛМЕСТІҢ ЖЫРАСЫ КӨП
Тұрысбек, Ешкіөлместің жырасы көп,
Сөзімнің өтіріктен расы көп,
Албасты, алпамсадай бас салдың ғой,
Өгіз қара күшіме шыдашы деп.
Түлен түртіп сұрадың қылмысыңды,
Бір ауыз өлеңменен, сынашы деп.
Сенің таза денеңді көтерер ем,
Аузыңның елді жеген күнəсі көп.
Мүңкір-Нəңкұр басыңа əлек салар,
Толып жатыр бұл иттің күнəсі деп.
Арашаға мен барып түсе алмаспын,
Тұрысбекті ит əуре қылмашы деп.
Бақтыбайдан күнəңді өлеңменен
Сайтан саған айтып па еді сұрашы деп?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter