Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2022
110
Түркінің Тәңірі...
Түркінің Тәңірі,
Парсының Құдайы,
Арабтың Алласы –
Келген соң сай тілге,
Айтылсын қай тілде,
Бір Алла – Һәммасы.
Жар болып жүр деген,
Жаратқан бір деген,
Жер басқан тірі адам.
Тәңірден тілеген,
Құдайдан қалаған,
Алладан сұраған.
Келген соң сай тілге,
Айтылсын қай тілде,
Бір Алла – Һәммасы.
Түркінің Тәңірі,
Парсының Құдайы,
Арабтың Алласы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter