Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  124


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Шайтан кірсе қан-тамырға...

Шайтан кірсе қан-тамырға,
Жүректерді қарайтпай ма,
Құрт ойнаса әр тамырда,
Қасіретті молайтпай ма?
Жатса да ағып қызыл қаны,
Сырын ашып айта алмайды.
Пенделердің бұзылғаны
Сырт келбеттен байқалмайды.
Сөзі сәнді, өзі мығым
Адамдардың жын жайлаған,
Аңғармадым қалай бұрын,
Сол туралы күнде ойланам...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу