Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  105


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қайран басың қалса-дағы қамытта...

Қайран басың қалса-дағы қамытта,
Көрген күнің ұқсаса да тамұққа,
Қамықпа!
Жол таба алмай қалған болсаң жарықта,
Көңіл көзі ашылғанша жанықпа,
Қорықпа!
Аунасаң да тәнге жұмсақ мамықта,
Айналмасын десең төсек табытқа,
Зорықпа!
Шыдап жүрген алым менен салыққа
Пайдаң бар ма тигізетін халыққа?
Анықта!
Жәбір бермей діні бөтен сан ұлтқа,
Елге қайыр көрсетуден жалықпа,
Торықпа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу