Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2022
82
Жолың түссе сүйікті елге...
Жолың түссе сүйікті елге,
Дұға қылғын бейіттерде.
Мұндай кезде кетеді екен
Көңіл босап, иіп кеуде.
Көзіңді сал ана бетке,
Қала көп пе, мола көп пе?
Кеткен күндер қайта келмес,
Жазу түсер жаңа бетке.
Саналы жан ойланбай ма,
Өлмей қалар айлаң қайда,
Өлгеннен соң тәнің шіріп,
Топыраққа айналмай ма?!
Жоқтаса да ел күрсініп,
Кетпейміз бе жерге сіңіп.
Бас-басына мазар салу
Пендешілік, әурешілік.
Кез болмаса сұрапылға,
Тыныш жатпас кім ақырда?
Құлпытаста қалған жазу
Керек жалғыз дұға оқырда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter