Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2022
105

Бұл жалғанның түр-түсі...
Бұл жалғанның түр-түсі,
Жықпылы мен қыртысы,
Көзге түскен әр ісі,
Қойылған әр кірпіші –
Тұрған болса танып кім?
Қой жүні, аң терісі,
Ағаштардың жемісі,
Қауырсыны тауықтың,
Қабыршағы балықтың –
Сырт келбеті анықтың.
Көкжиектен атқан таң,
Қараңғыда жаққан шам –
Белгісі ғой жарықтың.
Көкке шапшып жанған от,
Қоламтада қалған шоқ,
Қураған гүл, солған шөп –
Нышанындай тамұқтың,
Тағылым қыл, ұғын да,
Мұның бәрі, шынында
Көз алдында халықтың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇