Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  110


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ерінбейтін жұмысқа

Ерінбейтін жұмысқа
Илеуіне құмырсқа
Жинағанын үйеді.
Дәметпейтін сый бөлек
Жібек құрт та сүйкімсіз
Жіптен түйін түйеді.
Жарыққа ұшқан көбелек
Алға қарай кимелеп,
Қанаты отқа күйеді.
Батыр, ғалым, ақын да,
Жәбір көрсе жақыннан –
Жүрегіне тиеді.
Қатып жатқан қара тас
Тамыры жоқ болса да,
Туған жерде киелі.
Қаңғып жүрген бишара
Қадірі жоқ болса да,
Өскен елін сүйеді.
Шаттығың ба, мұңың ба?
Мұның бәрі, шынында,
Жаратқанның сыйы еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу