Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2022
127
Өскен гүлдің, шыққан шөптің...
Өскен гүлдің, шыққан шөптің,
Қанат қаққан көбелектің
Түрі, түсі әртүрлі.
Нұр жайнаған жүздердің де,
Саусақтағы іздердің де
Қыры, сыры әртүрлі.
Жауған қардың,
Қатқан мұздың
Түйіршігі әртүрлі.
Тамған жастың,
Аққан судың
Тамшылары әртүрлі.
Бірақ, Алла жаратқан соң,
Жер бетіне таратқан соң,
Барлығы да тартымды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter