Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2022
113
Фәниден әкем кеткелі
Фәниден әкем кеткелі
Арада отыз жыл өтті.
Тірлікте мынау өтпелі
Жүрек те шошып, дір етті.
Хаттарың шерткен сырынды
Ішінен шықты Құранның.
Сынығы-сынды бұрынғы
Сақталған мәнгі мұраңның.
Болса да күнде мереке,
Келді ме кезің суысқан,
Хатыңда жазған, жан-әке,
Жат жақсы депсің туыстан.
Туғанның бәрі туыс па,
Туыстан артық дос көп пе?
Адамдар болса ұғысқан,
Артамын қалай босқа өкпе.
Белімді бекем буғанда,
Өмірдің сәнін жыр етем.
Атадан бері қуғанда,
Өркенін жайған мен екем.
Белгілі би боп атамыз,
Қажыға барып бір бабам,
Біреуі болып аты аңыз,
Алаштың жырын жырлаған.
Көріпкел-сынды заманның
Құбылған райын тез білген,
Арманын жиған адамның,
Солардан қалған көзбін мен.
Мақсаттан әсте қайтпағам,
Қабағын бақпай мезгілдің
Солардың сөзін айтпаған
Естіртсем елге деп жүрмін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter