Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2022
77
Ғашықтардың бола ма екен
Ғашықтардың бола ма екен
Белгіленген мерзімі,
Әйел күні бола ма екен,
Бола ма екен ер күні?
Ұмыт қалып дәстүр, діні,
Ашық жүрген кіндігі,
Ойлап тапқан жанның мұны
Пиғылдары белгілі.
Тонып тұрған торғайға да
Пана болған жел күні,
Таң қалдырар осындайда
Халқымыздың кеңдігі.
Бұзылмаған әлімсақтан
Ер мен әйел теңдігі,
Жарасымды орнын тапқан
Ұлтымыздың елдігі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter