Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2022
87
Көрген сан сергелдеңді...
Көрген сан сергелдеңді,
Соғыста өлгендерді,
Шығармай жаназасын,
Жат жерде көмгендерді,
Мыңдаған ердің құнын
Сұраймын кімнен енді?
Сабырды білмегенді,
Арлыны тілдегенді,
Тыңдамай қойғандарды
«Адаспай жүр!» – дегенді,
«Ақылға келді ме?» – деп
Сұраймын кімнен енді?
Елемей сұр мергенді,
Фәниді шын көргенді
Қабылдап әулиедей,
Көтерсем құр кеудемді,
Зайғы боп кеткен күнді
Сұраймын кімнен енді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter