Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2022
104
Намазға тұрсаң, аятты
Намазға тұрсаң, аятты
Оқыма қатты дауыстап.
Алла да, керсең тамақты,
Кетпей ме сенен алыстап.
Әдептің жөні осы деп,
Ойнаған жандай тығылмақ,
Күніне, бірақ, бес рет
Оқыма намаз сыбырлап.
Таңдасаң нағыз ортасын,
Дауыс пен сыбыр арасын,
Құдайдан жалғыз қорқасың,
Жаныңа ләззат табасың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter