Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  142


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Далада – қар...

Далада – қар,
терезе – мұз,
Ерінде – бал,
тілімде – мұз,
Бір күн бітер қыс пенен күз,
Қашан кетер іштегі сыз?!
Тізіле ұшып қараша қаз,
Келіп жетер көктем мен жаз.
Жуылып кір,
айтылып наз,
Болармыз-ау балаша мәз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу