Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  288


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сағат жылжып, күн болар...

Сағат жылжып, күн болар,
Күн артынан түн болар.
Бір секунд та кідірмес,
Опа қылар кімге олар?!
Күндер жылжып, ай болар,
Құлын өсіп, тай болар.
Көрген қызық дәуренің
Алыс кетіп, жай қалар.
Айлар жылжып, жыл болар,
Кімдер жетіп, кім қалар?!
Жылдар сені жетелер
Мекеңіне бір барар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу