Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  121


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ашымайтын тәтті жоқ...

Ашымайтын тәтті жоқ,
Бұзылмайтын қатты жоқ,
Басталған іс әрдайым
Аяқталмас сәтті боп.
Шешілмейтін амал жоқ,
Өлмей кетер адам жоқ,
Бірақ, сөздің бағасын
Түсінбейтін надан көп.
Басқа шығар өрмелеп
Кесір, қырсық елде көп.
Сол қырсықты қырғышпен
Қырып тастар пенде жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу