Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.07.2022
101
Арқалатса тағдырың таудан ауыр күнәні
Арқалатса тағдырың
таудан ауыр күнәні,
Жетпей жатса шыдамың –
оған кімдер кінәлі?
Ілінгенде қолыңа
қияғы мен құрағы,
Таусылмайды ешқашан
бұл өмірдің сынағы.
«Жылы-жылы сөйлесең –
жылан іннен шығады,
Қатты-қатты сөйлесең –
кәпір діннен шығады».
Жауыңа да жауыққан
мейірімді бола біл,
Зұлымдық пен ізгілік –
бәрі тілден шығады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter