Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.07.2022
235

Шапанды тоқым қылған бар...
Шапанды тоқым қылған бар,
Қобызды отын қылған бар,
Дұғалар жазған дәптерді
Пәршалап, қоқым қылған бар,
Ойлар көп мені мазалар.
Қазақтың білген шатағын,
Жүрегін езген қапа-мұң,
Анықты танып Алладан,
Далаға безген Шәкәрім
Іштегі дертті тазалар.
Аяққа Құран басқанға,
Тәспихты тастай шашқанға,
Сәлдені шұлғау қылғанға,
Шығарсақ үкім дұшпанға,
Білмеймін, қандай жаза бар?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇