Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  113


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көңіл неге алаңды...

Көңіл неге алаңды,
Жұрт біле ме бағаңды?
Көз жасындай жылап аққан тамшылар
Толтыра ма шараңды?
Намыс, жігер болғанымен қамшылар,
Жауға жұмсар семсер бар ма жарамды,
Басы бар да, аяғы жоқ ісіңнің,
Байқаймысың шамаңды?
Қас-қабағы қасындағы кісінің
Қасиды екен жараңды.
Мүсіндерін саф алтыннан құйғызған
Перғауыннан не қалды?
Жарты әлемді уысына сиғызған
Шыңғыс ханннан не қалды?
Адамдарды отын қылып жаққызған
Гитлерден не қалды?
Отыз ұл мен қырық қызын тапқызған
Абылайдан не қалды?
Құрт кеміріп тастамаса санаңды,
Айыра алсаң адал менен арамды,
Мәңгі түк жоқ мына алдамшы фәниде,
Ұмытпағын тобаңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу