Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  112


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Дүйсенбіні ауыр күн деп...

Дүйсенбіні ауыр күн деп,
Айтады екен надандар.
Керегі не күнді тілдеп,
Алла берген барлық күн де
Әдемі күн, жарандар!
Сәтті күндер болған шығар,
Қатты күн де аз емес.
Тәтті күндер қалған шығар,
Біреу үшін шатты күндер
Біреулерге мәз емес.
Қуаныш қып атқан таңға,
Бойға жинап сабырды,
Адал дәмді татқан жанға,
Әрбір күнді мәнді өткізсе,
Күннің бәрі қадірлі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу