Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.07.2022
90
Бір өлкені тіреп тұрсаң...
Бір өлкені тіреп тұрсаң,
Мақтаса да ел ерек,
Намаз оқып, ниет қылсаң,
Жұртқа жайып не керек?!
Бар қажетті дайын қылсаң,
Болсын десең досың сай,
Оң қолыңмен қайыр қылсаң,
Сол қолыңмен жасырсай.
Сөзіңді ұқпас пақыр болса,
Болғаның жөн төзімді.
Көршің көзі соқыр болса,
Қысып қойғын көзіңді.
Халық бәрін көріп тұрса,
Сеніп тұрса дос егер,
Несібесі келіп тұрса,
Жиғаныңды шаша бер!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter