Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  105


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Кісілерге кішік болса...

Кісілерге кішік болса,
Жүрегі де жұмсақ болса,
Мейірімі түсіп тұрса,
Бұйырғанға ынсап болса –
Міне, нағыз тақуа сол!
Қауіп бұлты төнгенде де,
Қорқынышқа мән бермесе,
Асыл бұйым көргенде де
Пиғылы еш өзгермесе –
Міне, нағыз тақуа сол!
Азап шеккен күнінде де
Амал жасап, ниет қылса,
Тілі менен жүрегінде
Ең әдемі тілек тұрса –
Міне, нағыз тақуа сол!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу