Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.07.2022
98
Мақсатқа жылдам жеткізген
Мақсатқа жылдам жеткізген
Мейірімі басым ашудан,
Түйенің өзін өткізген
Иненің көзі – жасудан.
Алламыз жолды оңғарса,
Күмән мен күдік шегінер.
Қалса да қатып тоң қанша,
Көңілдің мұзы сөгілер.
Тұрсаң да желдің өтінде,
Сабыры басым күнәдан,
Мырзалық қылған сәтіңде
Ырзалық қылар тірі адам.
Тозақтан алыс кетсем деп,
Жұмаққа жақын келе алмай,
Мойнымда жүрген қарызды
Отырмын түгел бере алмай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter