Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.07.2022
125
Әлхамдулила, мұсылманбыз...
Әлхамдулила, мұсылманбыз,
Кекіреймей, көркейген.
Тәкәппарға шалқайса да,
Жайнамазға еңкейген.
Ақ жол тілеп жамағатқа,
Кешу сұрап Иемнен,
Тұрған кезде бірге сапқа,
Бір біріне сүйенген.
Сүтке суды қоса алмаған,
Қызығып аң атпаған,
Теріс қылық жасамаған,
Абыройын сақтаған.
Қанша қызық көргенімен,
Ұмытпаған өлімді,
Жүрген Алла пәрменімен,
Мұсылманбыз төзімді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter