Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.07.2022
94
Ішпейтін, жемейтін....
Ішпейтін, жемейтін,
Ұйқыны білмейтін
Періште емеспін.
Адамға сенбейтін,
Өмірі өлмейтін
Ібіліс емеспін.
Бел байлап бұрыннан,
Сәждеге жығылған
Сопы да емеспін.
Кеудеде нұры бар,
Жарыққа жылынар,
Ашатын сыры көп,
Алланың құлы көп,
Солармен келеді кеңескім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter