Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  95


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Әр жерден шұқып, жеп көрсе...

Әр жерден шұқып, жеп көрсе,
Табады жемін қарға да.
Залымнан жәбір көп көрсең,
Сабыр қыл, қатты қарғама.
Жимайды дос та айылын,
Әзәзіл кірсе араға,
Сараңнан күтпе қайырым,
Арамға мүлде жолама.
Көңілдің қарын күреумен,
Өтеді өмір тез неге?
Жақсылық тоссаң біреуден,
Қамқорлық жаса өзгеге.
Қызығың көрген әр үйде,
Бір тамшы суға тати ма?
Пенде боп келсең Фәниге,
Адам боп аттан Бақиға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу