Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  102


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бұлақтар да суалады...

Бұлақтар да суалады,
Мұз ериді жел өтінде.
Жасыл орман қуарады,
Бәрі Алланың құдіретінде.
Қалаларды су басады,
Өрт қаулайды жер бетінде.
Данышпандар алжасады,
Бәрі Алланың құдіретінде.
Кеткен сайын күн ілгері,
Жаратқаннан күнде тіле.
Өлгендер де тіріледі,
Бәрі Алланың құдіретінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу