Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  113


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Таң сарғайып атқанда...

Таң сарғайып атқанда,
Күн қызарып батқанда,
Күндіз түнді тапқанда,
Түн күндізді жапқанда,
Көктен жұлдыз аққанда,
Аспан алқа таққанда,
Отты ошақта жаққанда,
Жайнап тұрған бақтарда
Жеміс дәмін татқанда,
Аман-есен өткізген
Селден, судан, оттан да,
Осы күнге жеткізген
Құдіретке шәк бар ма?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу