Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  105


Автор: Ақылбек Шаяхмет

«Өмір мәңгі берілді!» – деп,

«Өмір мәңгі берілді!» – деп,
Сенген кісі бар ма екен,
«Жан көзіме көрінді!» – деп,
Көрген кісі бар ма екен?!
Қалжыраған тәннің өзі
Болар жанға тар мекен.
Бұл жалғанда жая жесе,
Ол жақта жал жер ме екен,
«Е, Құдайым, ая!» – десе,
Шығар жері төр ме екен?!
Жан қысылса тар болмай ма
Ұлан-байтақ кең мекен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу