Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  83


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Келген болсаң балиғатқа...

Келген болсаң балиғатқа,
Құлағың сал шариғатқа.
Кім қызығып дүние-боққа,
Кім барады жанған отқа?
Кім күйеді жанған шоққа,
Кім азады алтын тақта?
Сәулет беріп жасыл баққа,
Дәулет беріп ақымаққа,
Кім қалады топырақта,
Кім теңейді барды жоққа,
МаҺшар күні болған шақта,
Кім ашады бізге қақпа?
Жақ болады көңілі аққа,
Сабыр қылып, енді тоқта!
Ойлап көрсең, сауалдарда
Көп ғибрат жатқан жоқ па?!
Осылардың барлығына
Дұрыс жауап – жалғыз Хақта!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу