Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  101


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Абыройы артық патшадан...

Абыройы артық патшадан,
Өмірден озды жақсы адам.
Жақсының нұры тасысын,
Алла да болар жақ соған.
Қалды артында мал басы,
Үкілеген жорғасы,
Жерге тиіп жамбасы,
Иман болды жолдасы.
Орындады міндетін,
Былғаған жоқ жер бетін,
Жаны болсын жәннатта,
Қылсын елі құрметін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу