Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  94


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Күнді өткізбе босқа...

Күнді өткізбе босқа,
Келер сәтті шағың,
Шектен асып, таспа,
Ойла тірлік қамын!
Қайырым қыл досқа,
Күл болмайды жалын,
Бу болмайды тас та,
Су болмайды сағым.
Сол секілді баста
Қонбас мәңгі бағың,
Есте сақта: аста
Тұрмас мәңгі тағың.
Текке күйіп, саспа,
Бір Аллаға табын,
Қиындықтан қашпа,
Жаратқанға бағын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу